Өмір сыйла...

«Өмір сыйла...»

    Болашақта еліміздің өркендеуіне білімді жастар ғана биік асулардан аса алатынын ескерсек,

балаларға жасаған қамқорлық елімізге еселеп қайтары сөзсіз. Ел тірегі,

ертеңіміздің кепілі ол –  жас ұрпақ!

     2011 жылдың жадыраған мамыр айында бақытты отбасында дүниеге келген мектебіміздің

жеткіншегі 1 сынып оқушысы Сәндібек Әлімхан дертке шалдығып, балдай тәтті

балалық шағында батпандай ауыр мұң арқалап, бар уақытын осы дертпен күресумен

өткізуде. Қамқорлық пен қолдауға мұқтаж, көңілін шер, қабағын мұң басқан, әр

адамнан жылулық сезімін күтетін Әлімханға қолдау көрсету мақсатында Иманжүсіп

Құтпанұлы орта мектебінде 10 қаңтар күні «Өмір сыйла...» қайырымдылық концерт өткізілді.

Қайырымдылық концертіне Астана қаласы Қазақ ұлттық музыкалық Академиясы дарынды

балаларға арналған мектептің оқушылары, Иманжүсіп Құтпанұлы орта мектебінің

оқушылары мен мұғалімдері, Астана қаласы «Қазақ соқырлар қоғамы» бірлестігінің

өнерпаздары мен Аршалы музыка мектебі мұғалімдері және Аршалы музыка мектебінің

шәкірттері  өнер көрсетті

    Өмірдің ауыртпалығын ауыр жүгін көтеріп жүріп қиындықтарды жеңгендер де көп. Естеріңізде болса осыдан төрт жыл бұрын  2013 жылдың қараша айында мектебіміздің 4-сынып оқушысы  Бекасыл  дертке шалдығып, сол бүлдіршінге ұжым болып қайырымдылық концертін өткізіп, шерменде болған жүрекке үміт сәулесін шашамыз

деп ыстық ықыласпен ауыл болып қолдау көрсеткен едік. «Көптің көңілі – көл»

дегендей тілегімізді Алла қабыл етіп сол жеткіншек дертінен құлан таза айығып қазір

Астана қаласының мектебінде 8 сынып оқып жүр. Әлімханның  да құлан таза сауығып, ортамызға оралатынына

сеніміміз мол.

    Жақсылық жасау қолыңнан келіп тұрса, қуаныш сыйлауға мүмкіншілігің жетіп тұрса, неге қол ұшын созбасқа?! Ертеңге талпыныс, болашаққа бағдар, игі іске ұмтылыс – адамзатқа тән құбылыс. Ендеше көп болып, асыл арманына қол созған Әлімханға сүйеніш болып, қолымыздан келген көмегімізді аямай, бала сенімінің нық болуына қадам жасайық. Осы іс-шара әрбір адамды адамгершілік пен имандылық парызын өтеуге, әрбір а бала өмірін аман сақтап жақсарту үшін күресуге, осындай балалар мәселесіне бей-жай қарамай аяққа тұрып кетуіне көмек беруге итермелейді. Абайдың он төртінші қара сөзіне жүгінетін болсақ, «Нағыз жүрек ісі рақымдылық, мейірбандылық және әртүрлі істе адам баласының бәрін өзіне тартып, бауырым деп, өзіңе ойлағандай оларға да болса игі еді» дегендей бүгінгі қайырымдылық кешіне кең пейілділік танытып келген , жүрегі жомарт, жаны ізгілікке толы азаматтарымыздың қатары аз емес екенін көрдік. Кеш соңына дейін бұл қайырымдылық шарасына жеке адамдардан 370 000-нан аса қаражат жиналып, табысталды.   Кеш соңында сөз алған Сәндібек Әлімханның әкесі Сәндібеков Олжас пен анасы Маулеткулова Мөлдір көзіне жас алып тұрып шұғыл да батыл қолдау танытқан мектеп директоры Махамбетова Галия Хасеновнаға, ата-ана Жұртыбаева Жанар Ағыбаевнаға мұқтаж жандардан көмегін аямаған сіздерге «Алланың нұры жаусын!» деп зор алғысын білдірді.

  Қайырымдылық жасау қоғамның бір бөлшегі, осы ретте қайырымдылық шарасына «Шаттық.кз»

қоғамдық қорының төрайымы, мектебіміздің беделді ұстазы Татенова Слушаш

Тұрсынгалиевнаға, ұйымдастырушылар тәрбие ісінің меңгерушісі Хакимжанова Күлия

Мұратхановнаға мен Амренова Жаңалық,  аға

тәлімгер Сердалиева Жазира Кикбаевна, әлеуметтік педагог Аққұлова Перизат

Қайратқызына да алғысымыз зор.

Шерменде болған жүрекке жылулық сәулесін шашқан, балаларға қол ұшын береміз деген ыстық

ықыластарыңызғарахмет айта отырып, көмек қолын сөзған баршаңызға басымызды

иеміз! Жасаған жақсылықтарыңыз Алладан еселеп қайтсын!

 

Автор: админ
Просмотров: 54
Дата создания: 12 Февраля 2018 г.
Дата редактирования: 12 Февраля 2018 г.
www.egov.kz
Опрос